Әділбек Жақсыбеков «Нұр Отан» партиясы Астана филиалының төрағасы болып сайланды

Есептік-сайлау конференциясына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қатысты. Ол Астана қаласы әкімінің партияның дамуына және жас елордамыздың қалыптасуына қосқан зор үлесін атап өтті.
Әділбек Жақсыбеков партия мүшелерінің сенімі үшін ризашылығын білдіріп, оған партияның қалалық ұйымының төрағасы ретінде үлкен жауапкершілік жүктеліп отырғанын атап өтті.
"Астананың партиялық ұйымы - бұл бүкіл партияға тірек болатын ұйым. Қазіргі заманның саяси өмірдегі соңғы үдерістері осында басталған, «Нұр Отан» осында құрылған",- деді Астана әкімі.
XIX конференция барысында сондай-ақ, партияның Астана қалалық филиалының Саяси кеңесінің жаңа құрамы сайланды. Жаңа құрамға білім, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау салаларының өкілдері, экономика және қызмет салаларының қызметкерлері, «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері алынды.