Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысына қатысты

АСТАНА. 27 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Бішкек қаласында Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы болып өтті. Отырысқа қатысу үшін Қырғыз Республикасының астанасына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің қорғаныс министрлерімен бірге келді. Бұл туралы аталған министрліктің баспасөз қызметінен хабарланды.
None
None

Отырыста қорғаныс ведосмтволарының басшылары Ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қауіп-қатердің бар екендігін ескере отырып ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздігінің құрылым жүйесінің жай күйі мен оны жетілдірудің шараларын талқылады.

Қорғаныс министрлері ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесіндегі қару-жарақ пен әскери техника түрлерінің және құралдары тізбесінің үлгілерімен олардың сипаттамасымен танысты.

Сондай-ақ отырыс барысында ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қарулы күштерінде бірлескен жедел және жауынгерлік даярлықты ұйымдастыру жөніндегі негізгі құжаттар түрлерінің жинағы туралы шешім қабылданды. Бұл құжат ҰҚШҰ Бірлескен штабы мен ұйымға мүше мемлекеттердің бірлескен оқу-жаттығуларын ұйымдастырып өткізу кезінде штаб қолбасшыларына жәрдем көрсетуге арналған.

Отырыста ҰҚШҰ-ның бітімгерлік қуатын дамыту шеңберінде Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Ұжымдық бітімгерлік күштерінің бейбітшілікті қолдау операцияларын өткізуді дайындау жөніндегі құжаттар бекітілді. ҰҚШҰ-ның «Мызғымас бауырластық» атты бірінші бітімгерлік жаттығуы 2012 жылы Қазақстан аумағында өткізілгендігін атап өткен жөн.

Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымы Қорғаныс министрлері Кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Қорғаныс ведомствосының басшысы ҰҚШҰ-дағы әріптестерімен бірге келешекте әскери ынтымақтастықты дамыту және Ұжымдық қауіпсіздік Шарты Ұйымының қуатын арттыру шеңберіндегі бірқатар құжаттарға қол қою рәсіміне қатысты.

Соңғы жаңалықтар