«Әділет» Демократиялық партиясы» РҚБ кезектен тыс съезінің делегаттары «Руханият» партиясына қосылуы туралы шешім қабылдады

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін «Әділет» Демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басшылық құрамы мен партияның өңірлік филиалдары делегаттары қатысқан кезектен тыс съезі болып өтті.
None
None

Партия төрағасы Т.Сыдықовтың ұсынысы бойынша «Әділет» Демократиялық партиясының» «Руханият» партиясымен қосылуы туралы мәселе қаралды. Т.Сыдықов атап өткендей, «Әділет» пен «Руханият» партияларында көп нәрсе ортақ: саяси платформаларының мақсаттары мен міндеттері бірдей.

Рәсімдер қорытындысы бойынша съезд делегаттарының көпшілік дауысымен «Әділет» Демократиялық партиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Руханият партиясы» қоғамдық бірлестігімен қосылуы туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар