Әділет министрі Мемлекет басшысына ведомствоның ағымдағы қызметі жайлы баяндады

АСТАНА. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Әділет министрі Рашид Түсіпбековті қабылдады, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.
None
None

Министр Президентті ведомствоның ағымдағы қызметі, «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі дамуының Стратегиялық жоспарын орындау туралы хабардар етті. Атап айтқанда, заңнамалық қызметті жетілдіру жөнінде қабылданған шаралар, тұрғындарға мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, еліміздің қылмыстық-атқару жүйесіндегі істердің жағдайы туралы баяндады.

Соңғы жаңалықтар