Әділет министрі Р.Түсiпбеков Әділет министрлері кеңесінің жұмысына қатысты

ТАНА. 23 қыркүйек. ҚазАқпарат - 2011 жылдың 23 қыркүйек айында Душанбе қаласында (Тажiкстан Республикасы) Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа қатысушы мемлекеттердiң Әдiлет министрлер кеңесінің 18-отырысы өттi, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
None
None

Бiр уақытта Тәуелсiз мемлекеттердiң достастығының Әдiлет министрлер кеңесінің 6- отырысы өткізілді.

Министрлер кеңесінің 18- отырысы шеңберiнде ведомствоаралық ынтымақтастыққа ғана қатысты емес бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Кеңес мемлекеттердің азаматтық заңнамаларын дамыту тұжырымдамасының, сот шешімін мәжбүрлеп орындау туралы және адвокатура мен адвокаттық қызмет саласында ынтымақтастық туралы мемлекетаралық келісімдердің жобаларын әзірледі.

Әдiлет министрi Р.Түсiпбеков осы құжаттарды қабылдау қауымдастыққа мүше мемлекеттерге өз мемлекеттердің азаматтық заңнамасын жетілдіруге бірыңғай ұстанымды анықтауға, басқа мемлекеттің аумағында бір мемлекеттің сот шешімін орындау бойынша бірыңғай процессуальдық тәртіпті пысықтауға, мемлекеттен тысқары жерде адвокаттардың өз азаматтарына кәсіптік заң көмегін көрсету үшін жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап көрсетті.

Р.Түсiпбеков сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанның Әділет министрлігінің жұмысын айтып өтті. Бұл орайда Үкіметтің заң шығармашылығы жұмысын жетілдіру, халық үшін мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту, бизнес үшін әкімшілік кедергілерді қысқарту саласында министрліктің қабылдап жатқан шаралары жарияланды.

ЕурАзЭҚ Әділет министрлер кеңесінің 18- отырысының қорытындысы бойынша орталық әділет органдарының басшылары осы құжаттарды қабылдау процесін жеделдетуге келісті.

ЕурАзЭҚ Әділет министрлер кеңесінің 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде кезекті отырысты 2012 жылдың 1-тоқсанында Минскіде өткізу жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар