Әділет министрлігі «Рақымшылық туралы» заң жобасын Мәжілістің қарауына енгізді

АНА. 20 сәуір. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Әділет министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы негізінде Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Рақымшылық туралы» заң жобасын даярлады.
None
None

Аталмыш құжат биылғы жылдың 14 сәуір күні Мәжілістің қарауына енгізілді. Бұл туралы Әділет министрлігі таратқан баспасөз ақпараттарынан мәлім болды.

Аталмыш заң жобасының талаптарына сәйкес жеңіл және орта деңгейдегі қылмыс жасаған азаматтар жауапкершіліктен босатылады. Заң жобасының талаптары бойынша негізінен кәмелетке толмаған жасөспірімдер, әйелдер, кәмелетке толмаған балалары барлар, жүкті әйелдер, зейнеткерлер мен мүгедектер сияқты әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтар босатылады.

Алдын ала есеп бойынша елімізде аталмыш заң жобасының талаптарына сәйкес келетін қамауда отырған 4,5 мың азамат, сондай-ақ тағы қамауға жаппайтын 10-ға жуық сотталған азаматтар да осы құжаттың рақымшылығын көрмек.

Соңғы жаңалықтар