Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Қоршаған ортаны қорғау министрлігін тексеру барысында бірқатар заң бұзушылықтарды әшкереледі

АСТАНА. Қыркүйектің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Әділет министрлігі Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен облыстық мәслихатында, сондай-ақ Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде жоспарлы тексерулер жүргізді. Шара барысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталған. Бұл туралы бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен брифинг барысында ведомствоның ресми өкілі Ерболат Ерімбет мәлім етті.
None
None

Ресми өкілдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 11 қаулысы заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге ұсынылмаған. Бұл «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңның 38 бабының бұзылғанын көрсетеді. Сонымен бірге, Конституцияның 4-бабына сәйкес азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады. Бұл ретте нормативтік құқықтық актілерді ресми түрде толық жарияламауға жол берілмеуі тиіс. Бірақ, 15 актіде осындай талаптар бұзылып жарияланған. Ал облыстық мәслихат 3 шешімге қатысты осындай заң бұзушылыққа жол берген.

«Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 14 бұйрығы заңнамада белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркеуге ұсынылмаған болып отыр. Бұндай актілердің нормативтік құқықтық болып табылатынын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қозғайтынын, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты екендігін атап өткен жөн», деді Е. Ерімбет.

Соңғы жаңалықтар