Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау комиссиясы жұмысқа кірісті

АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Әділет министрлігінде Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау комиссиясы жұмысқа кірісті,
None
None

деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Комиссия мемлекеттік органдардың жұмыстарын үйлестіру және түрлі қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуді жоспарлау жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдаумен айналысатын болады. Комиссия мүшелері күш-жігерлерін зияткерлік меншік құқықтарының лайықты қорғалуын қамтамасыз ету, Қазақстанда контрафактілік (заңсыз) аудио-, бейнеөнімдердің, компьютерлік ақпарат тасымалдағыштардың, өнеркәсіптік меншік нысандарының, тауарлық белгілердің өндірілуіне және таралуына жол бермеу, сондай-ақ Кеден одағы аясындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту жөніндегі нақты шараларды жүзеге асыруға бағыттайды.

Комиссияның бірінші отырысы мамыр айына жоспарланып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстардың тиімділігін арттыру мақсатында Үкімет ағымдағы жылы наурыздың 9-ында «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия құру туралы» №181 қаулы қабылдады.

Комиссияның құрамына әділет министрлігі, ішкі істер министрлігі, Қаржы полициясы агенттігі, Жоғарғы сот, Бас прокуратура және т.б. мемлекеттік ведомстволардың бірінші басшыларының орынбасарлары кіріп отыр.

Соңғы жаңалықтар