«Әділет» партиясының төрағасы облыстық филиалдарда партия активінің жиналыстарын өткізуде

АЛМАТЫ. 24 ақпан. ҚазАқпарат - «Әділет» партиясының төрағасы Мақсұт Нәрікбаев  10 наурызға дейін облыстық филиалдарда партия активінің жиналысын өткізбек.
None
None

15 ақпанда басталған бұл шара бұған дейін Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстық филиалдарында және Астана қаласында өткізілген еді. Партияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мақсұт Сұлтанұлы онда сайлау  қорытындыларын талқылап, сайлау науқаны барысында партия қызметінде орын алған кемшіліктерге сыни тұрғыда баға берді.

Сондай-ақ бірқатар белсенді қатысушыларға алғыс хаттар тапсырды. Өңірлерде талқыланған мәселелердің қорытындысы наурыз айының екінші жартысында партияның Орталық Кеңесінің пленумында қаралатын болады. Онда  Мақсұт Нәрікбаев «Өткен сайлаудан алған сабақ және «Әділет» партиясының саяси болашағы» атты тақырыпта баяндама оқиды деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар