Адвокаттардың тегін заң көмегін көрсетуі - басты назарда

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ. Тамыздың 10-ы. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің бастығы Асия Мұсақызы Мұхитованың төрағалығымен «Адвокаттардың тегін заң көмегін көрсетуінің өзекті мәселелері» атты семинар өтті, деп хабарлайды БҚО Әділет департаментінен.
None
None

Аталған шараға БҚО адвокаттар алқасының төрағасы Е.Н.Қалиев, заң кеңесінің меңгерушісі Р.С.Нығметова, адвокаттар алқасының адвокаттары, Әділет департаменті құқықтық түсіндіру және заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің қызметкерлері қатысып, заң көмегін көрсетудің мәселелерін кеңінен талқылады.

Әділет департаментінің бастығы А.М.Мұхитова тегін заң көмегін көрсету бойынша адвокаттар белсенділік көрсетулері қажеттігін, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес адвокат қызметіне ақы төлеу бойынша мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалып отырғанын атап көрсетті.

Аталған шарада Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы шілденің 1-індегі №681 «Қазақстан Республикасы Yкiметінің 1999 жылғы тамыздың 26-ындағы №1247 «Реcпубликалық бюджет қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеудiң ережелерi туралы» қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес заң көмегін көрсетуді белсендіру мәселелері жан-жақты қаралды.

Соңғы жаңалықтар