Африка мамандары Назарбаев Университетінде біліктіліктерін арттыруда
Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесі бойынша өткізілетін семинарды ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі бірлесіп ұйымдастыруда.
Африканың медицинадағы жас мамандары Назарбаев Университетінің Өмір туралы ғылымдар орталығында эпидемиология, биомедицина және қоғамдық денсаулық сақтау салалары бойынша біліктіліктерін жоғарылатады.
«Семинарды өткізу үшін ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының кеңсесі біздің университетті таңдады. Біз үшін басқа континенттен мамандарды даярлау - үлкен мәртебе. Тренингтің басты бағыты - біз әлемде қолда бар ең үздік әдістемені үйретеміз. Біздің алдымызға Африка құрлығынан келген мамандарға Назарбаев Университетінде жасалып жатқан зерттеулермен, жемісті жобалармен таныстыру, тәжірибемізбен бөлісу міндеті қойылып отыр. Бағдарлама әдістемелік және тәжірибелік кезеңдерден тұрады. Екінші кезеңде біздің тәлімгерлер біз зерттеулерді қалай жүргізетіндігімізі көреді және Ұлттық медициналық холдингтің құрамына енетін бірқатар клиникаларға барып, ондағы жұмыстың негізгі қағидаттарымен танысады», - дейді Назарбаев Университеті Өмір туралы ғылымдар орталығы Эпидемиология және қоғамдық денсаулық сақтау зертханасының жетекшісі Әділ Сүпиев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, тәлімгерлердің қатарында медицинада қызмет етіп жүрген тәжірибелі мамандар да бар.
«Бізге олардың жұмыс барысында қандай қиындықтармен кездесетіндіктерін білу маңызды», - деп атап өтті Ә.Сүпиев.