Агенттік төрағасы мемқызметкерлер біліктілігін көтеру жайымен танысты - БҚО

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлерді оқытуды «Мемлекеттік қызметті реформалау және Қазақстан үкіметінің жаңғыртылуы» жобасы аясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігінің тапсырысымен Австриядан келген сарапшы, Батыс елдері университеттерінің бірінде 27 жылдан бері әлемнің түрлі елдеріндегі мемлекеттік қызмет жүйесінің ерекшеліктері туралы дәріс беретін Максимилиан Фоденгер жүргізуде. Дәріс курсының тақырыбы - «ҚР мемлекеттік қызметінің жаңғыртылуы мен формасы». Дәрістің өткізілу барысына куә болған агенттік төрағасы Әлихан Мұхамедияұлы Максимилиан Фоденгермен аталмыш оқыту курсы жайында әңгімелесті. Максимилианның айтуынша, мемқызметкерлерді оқыту курсының қатысушылары өзге елдердегі мемқызмет жүйесінің ұйымдастырылуы және Қазақстандағы мемлекеттік қызмет құрылымын алда күтіп тұрған өзгерістер туралы сұрақтарға белсенді түрде қызығушылық танытады екен.
Облыс әкімдігінің «Мемлекеттік қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығы» МКК директоры Әлібек Сәтбаев агенттік төрағасын орталық жұмысымен қысқаша таныстырып өтті.