«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен корпорацияның жаңа басқарма төрағасы тағайындалды
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Дәуренбек Қажахметовтың банк құрылымындағы басшылық қызмет атқарған уақыттағы елеулі тәжірибесі және Қазақстанның агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыстың барысын жетік түсінуімен үйлестіруі, біздің еншілес компания қызметінің тиімді дамуына оң әсерін тигізеді», деді оны тағайындау кезінде «ҚазАгро» Ұлттық Басқарушы Холдингі» АҚ басқарма төрағасы Асылжан Мамытбеков.
Дәуренбек Қажахметов 1971 жылы туған, Арқалық қаласының тумасы, Қазақ Ұлттық техникалық университетінің «Өндірісті ұйымдастыру» мамандығын «Инженер-менеджер» біліктілігі бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Алматы Менеджмент мектебі» мен Австрияның Вена қаласындағы Халықаралық қаржы академиясында білім алған.
1995 - 2001ж.ж. - «Халық Банкі» Торғай облыстық филиалы - кепіл бөлімінің бастығы, «Қазақстан Халық Банкі» ААҚ Астана қаласы - бас сарапшы, «Дала ЛТД» ЖШС Астана қаласы - қаржы директоры;
2001 - 2006 ж.ж. - «АТФ Банк» АҚ филиалы Астана қаласы - филиал директорының орынбасары, Қостанай қаласындағы «АТФ Банк» АҚ - филиал директоры; 2007- 2009 ж.ж. - «Содружество», Ресей -Қазақстан альянсы» ЖШҚ, Омбы қаласы, Ресей - бас директордың орынбасары - қаржы директоры; 2009 жылғы сәуірдің 4-нен 2010 жылғы ақпанның 25-не дейін «Мал өнімдері корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.