«Аграрлық несие корпорациясы» тауар өндірушілер үшін қаржы қызметінің төлемдер жүйесін кеңейтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «ҚазПошта» АҚ бөлімшелері арқылы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін қаржы қызметінің төлемдер жүйесін кеңейтті. Бүгін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова мен «ҚазПошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин осы бағыттағы меморандумға қол қойды.
None
None

Меморандум мақсаты - ауыл тұрғындары үшін агроөнеркәсіп кешенін кредиттік серіктестіктер жүйесі арқылы несиелеу түрлерін қол жетімді ету. Уағдаластық аясында тараптар «ҚазПошта» АҚ облыстық, қалалық және аудан орталықтарындағы бөлімшелерінде кредиттік серіктестіктерге есептік кассалық қызмет көрсету ұйымдастырылатын болады.

«Осының арқасында енді ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері өзі тұратын елді мекеннен аудан орталығына бармай-ақ, «Қазпоштаның» барлық облыс пен республиканың кез келген ауылдарындағы бөлімшелері арқылы қарыздарын өтей алады. Осылайша, несиені өтеу тетіктері агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін жағымды бола бастады»,- деді «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрайымы Гүлнәз Атамқұлова.

Оның айтуынша, Корпорация қызметінің маңызды бағыты - кредиттік серіктестіктер арқылы шағын және орта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне кредитік қаражаттар ұсыну. Осы қаржының арқасында кредиттік серіктестік мүшелері жаңа техниканы сатып алумен қатар түрлі нысандарды қайта жөндеуден өткізіп, айналым қаражатын толықтыра алады.

Сондай-ақ, «ҚазПошта» АҚ мен «Агроөнеркәсіп кешеніндегі кредиттік серіктестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі арасында да өзара меморандум жасалды. Аталған қауымдастық алдағы уақытта ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне ұсынылатын қызмет түрлерінің шарттарын түсіндірмек.

Соңғы жаңалықтар