Агрессиялық химиялық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік алатын Қазақстандағы бірегей сорғы Талдықорғанда шығарыла бастады

АЛДЫҚОРҒАН. Қыркүйектің 8-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Республикадағы тұңғыш тиелмелі сорғы шығаратын талдықорғандық «Alakol Plant» ЖШС зауыты агрессиялық химиялық ортада жұмыс істеуге мүмкіндік беретін Қазақстандағы бірегей сорғы өндірісін бастады, деп хабарлады Алматы облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы.
None
None

Зауыт директоры Елдар Қасымовтың айтуынша, осы уақытқа дейін зауыт Шымкент, Қызылорда және Өскеменнің өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының тапсырыстарын орындап, бір мезетте өзінің жаңалығы - тау-кен, химиялық, мұнайгаз өндіруші кәсіпорындарда сұранысқа ие сорғыны рынокқа шығару бағытында белсенді жұмыс атқарды.

Инженерлік-техникалық құрам уранды өндіру кезінде қышқыл-сілті ортада жұмыс істей беретін және өзіне артылған орасан міндеттерді орындай алатын сорғының тәжірибелік жобасын жасап шығарды.

Бірінші келісім аясында осы секілді 100 сопрғы жасалынады. Осы уақытқа дейін отандық атом өндірісі осындай сорғыны Германия мен Даниядан сатып алып отырды. Алдағы жылы зауыт кем дегенде жарты мың осындай сорғы жасап шығармақ.

Соңғы жаңалықтар