Ағымдағы жыл табысты болды - Павлодар облысының әкімі
«Аймақтық ішкі өнімнің күтілетін нақты өсімі жыл қорытындысы бойынша 7,2 пайызды құрайды. Облыс тұрғындарының басына шаққанда ол 11,8 мың АҚШ долларына жетеді, бұл республикалық деңгейден 7,3 пайыз көп», - деп атап өтті Б. Сағынтаев 29 желтоқсан күні.
ІАӨ құрылымында өнеркәсіп үлесі өңдеу саласының 36,4 пайыз меншікті салмағының өсуі арқылы 51,7 пайызға дейін өсті.
Өнеркәсіп өндірісі үш пайыздан астам көтерілді. Жыл бойынша 969 миллиардқа өнім шығарылды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тау-кен қазу саласының көлемдері 5,3 пайызға өсті, энергетика - 4,5 және өңдеу секторы 2 пайызға жуық артты.
Өңдеу саласындағы еңбек өнімділігі шамамен 11 пайызға жетті - жұмыспен қамтылған бір адамға 48 мың доллардан 53 мың долларға дейін.
Облыста үдемелі индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының орындалуы табысты өтіп жатыр. Индустрияландыру картасының құны 1,2 триллион теңге болатын 169 жобаны қамтиды.
Ағымдағы жылы 54 өндіріс, оның ішінде 20 жаңа өндіріс жұмыс істей бастады. Енгізілген жобалардың жалпы санының 27-сі шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады.
«ҮИИД» Мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың екі жылы бойынща 84 нысанды енгізу арқасында 3,5 мың тұрғын жоғары мамандандырылған жұмыс пен тиісті табыстарды иеленді. Аймақта бұрын өндірілмеген 18 түрлі өндіріс игерілді, 155 миллиардтан астам инвестиция тартылды», - деп хабарлады Б.Сағынтаев.
Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығының дамытуы, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларындағы материалдық-технкалық базаның нығайтылуы туралы жан-жақты баяндап өтті. .
Энергетика нысандарының дамуы мен өмірді қамтамасыз ететін нысандардың қыс уақытында жұмысқа даярлығы туралы жиында облыс әкімінің орынбасары Арслан Әбдіқалықов хабарлады. Павлодар қаласы мен Железин ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының алдын ала қорытындысы шығарылды.