Ағымдағы жылдың ІІ тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму рейтингтерінің қорытындылары талқыланды

ПАВЛОДАР. Тамыздың 20-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодарда облыс әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен өткен кеңесте қалалар мен аудандардың ағымдағы жылдың ІІ тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму рейтингтерінің қорытындылары талқыланды, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

Аудандардың рейтингтегі орындары 26 көрсеткіш бойынша анықталып отыр. Оның барысында бюджеттің орындалуы, өндірістің ауқымы, жұмыссыздық пен қылмыстың деңгейлері, халықтың денсаулық көрсеткіштері мен нақты жалақы мөлшері назарға алынады.

«Үздік үштіктің қатарына Павлодар, Екібастұз қалалары және Железин ауданы кіріп отыр. Бірінші тоқсанмен салыстырғанда, Железин ауданы -жетіншіден үшінші орынға көтеріліп, Баянауыл ауданы - тоғызыншыдан төртінші орынға ауысып, өз жағдайларын жақсартып отыр. Есесіне, Ақсу қаласы - үшінші орыннан бесіншіге, Павлодар ауданы - төртіншіден алтыншы орынға түсіп, рейтингтерін төмендетіп алды», -дейді экономика және бюджетітк жоспарлау басқармасының басшысы Галина Давдрикова.

«Рейтинг көрсеткіштері -аудан басшыларына ой салатын ақпарат. Олар өз жұмыстарының кемшін тұстарын анықтап, резервтер іздестірулері керек», деп атап көрсетті облыс әкімі өз сөзінде.

Кеңесте сондай-ақ егін орағына әзірліктің барысы мен мемлекеттік мекемелердің жылу маусымына дайындықтары туралы мәліметтер тыңдалды.

Соңғы жаңалықтар