Ағымдағы жылы 8 серпінді инвестициялық жоба шешімін табады - Ақмола облысы

ШЕТАУ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысында ағымдағы жылы жалпы құны 83 миллиард теңгені құрайтын сегіз серпінді инвестициялық жоба шешімін табатын болады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының деректеріне сілтеме жасап.

Жыл ішінде ең ірі мақсатты жоспарлардың бірі - «Васильков тау-кен комбинаты» акционерлік қоғамының алтын айыру өндірісін іске қосу белгіленіп отыр. Оған 72 миллиард теңге мөлшерінде инвестиция тартылған. Мұнда мыңға тарта жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Еңбекшілдер ауданы аумағындағы «Өркен-Атансор» кешенінде жабдықтау жұмыстарын аяқтауға - 1,655 миллиард теңге, Степногор қаласында жылыжай құрылысына бір миллиард теңге ескерілген. Ақкөл, Астрахан, Егіндікөл аудандарында мал бордақылау алаңдары жобаларының әрқайсысына миллиард теңгеден бөлінген. Сондай-ақ Ақкөлде жылдық қуаты 20 миллион дана кірпіш шығаратын зауыт салынады.

Соңғы жаңалықтар