Ағымдағы жылы ақылы негізде оқитын 9 мың 965 студент мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды ? К. Шәмшидинова

АСТАНА. Мамырдың 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылы ақылы негізде оқитын 9 мың 965 студент мемлекеттік білім гранттарына ие болды.
None
None
Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП Орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің және Дағдарысқа қарсы бағдарлама аясында бөлінген мемлекет қаражатының пайдалануын бақылау жөніндегі комиссиясының отырысы барысында Білім және ғылым вице-министрі Күләш Шәмшидинова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жыл сайын жоғары оқу орындарында білім алатын жастарды қолдауға республикалық бюджеттен 46 миллиардтан астам теңге жұмсалады. Ағымдағы жылы ақылы негізде оқитын 9 мың 965 студент үшінші курстан бастап оқу озаттарына арналған қосымша мемлекеттік білім беру гранттарына ие болды. Осы гранттардан бөлек, бұлар 15 пайызға көбейген стипендия алады және өтемақы ретінде жылына екі мәрте жолақылық жеңілдіктерге ие болады. Осы мақсатқа бюджеттік шығындар 3 млрд. 182 млн. теңгені құрап отыр», - деді вице-министр. Оның айтуынша, жыл сайын түрлі себептермен босап қалатын гранттық орындардың 494-і студенттер арасында қайта бөлінген. Бұдан басқа, әкімдіктер мен жұмыс берушілер тарапынан студенттер үшін 4 мың 117 грант, жоғары оқу орындары тарапынан 84 грант бөлінсе, аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге оқу ақысына қатысты жеңілдіктер де қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Референдум