Ағымдағы жылы елімізде инновацияға 1 миллиард 725 миллион теңге бөлінді

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы елімізде инновацияға 1 миллиард 725 миллион теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін елордада ұлттық инновациялық жүйені құруға арналған брифинг барысында ҚР Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Нұрмұхамбет Әбдібеков айтты.
None
None

«Ағымдағы жылы компанияларға жалпы сомасы 1 миллиард 725 миллион теңге көлемінде инновациялық гранттар беріледі. Біздің болжамымызша, жыл сайын бұл бірнеше есеге ұлғая түседі. Бағдарлама аясындағы гранттық жұмыстарға 7,5 миллиард теңгеге дейін қаржы құятын боламыз», деді ол өз сөзінде.

Вице-министрдің келтірген деректеріне қарағанда, қазірдің өзінде инновациялық гранттарды алу үшін 336 өтінім түскен. Олардың 109-ын технопарктер ұсынса, 64-і бизнес инкубациялау қызметтерін көрсету бойынша жобалар болып табылады.

Вице-министрдің айтуынаша, инновациялық қызметтегі субъектілерді қаржылай емес қолдау тетіктерінің тізбесі де кеңейе түспек. Атап айтқанда, аталған шара аясында елімізде 5 конструкторлық бюро, технологиялар трансферті, коммерциялизациялау орталықтары, технопарктер құрылып, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды басқару технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жандандырылмақ.

Соңғы жаңалықтар