Ағымдағы жылы пайдалануға 506 пәтер тапсырылған - СҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына Солтүстік Қазақстан облысында 4 907,1 млн. теңге бағытталды, деп хабарлайды СҚО Статистика департаментінен.
None
None

Ағымдағы жылы облыстағы тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі өсті. 2014 жылғы қаңтар-қазанда тұрғын үй құрылысына 4 907,1 млн. теңге бағытталды.

Солтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылғы қаңтар-қазанда пайдалануға жалпы ауданы 64 732 шаршы метр 506 пәтер тапсырылды. Тұрғын үйдің едәуір үлесі (92,2%) халық қаражаты есебінен енгізілген. Республикалық бюджет қаражаты есебінен «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 3 083 шаршы метр жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйдің 43 пәтері пайдалануға берілді.

Соңғы жылдары ауылды жерде тұрғын үй құрылысы серпінді жүргізілуде. Облыс аудандарында ағымдағы жылғы 10 айда жалпы ауданы 29 860 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, ол 2013 жылғы қаңтар-қазанға 124% құрайды.

Тұрғын үй құрылысының 1 шаршы метрінің орташа нақты құны облыс бойынша 43,8 мың теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар