19:19, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірісі жоспары 101,9 пайызға орындалмақ
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Ағымдағы жылы республикалық бюджет кірісінің жоспары 101,9 пайызға орындалады. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.
Оның атап өтуінше, республикалық бюджет кірісінің жылдық жоспары орындалған. Сонымен қатар жыл қорытындысында аталған жылдық жоспар 101,9 пайыз деңгейінде орындалатындығы болжанып отыр.
«Мемлекеттік бюджет кірісі бойынша да жылдық жоспардың орындалуы күтілуде», - деді ол.
Министр алға тартқан деректерге сай, жоспардың орындалуы экспорттық кедендік баж салығының 100,3, сонымен қатар Кеден одағы елдерінің кедендік баж салықтарын бөлу тетігі есебінен оның 102,4 пайызға артуынан болып отыр.