АХҚО алаңына «жасыл» қаржыландыру құралдарын енгізу және дамыту жоспарлануда

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы алаңына «жасыл» қаржыландыру құралдарын енгізу және дамыту жоспарлануда. Бұл
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Әлемдік экономиканың таза технологияларға қарай жұмылдырылу және қайта бағдарлану процесін ескере отырып, АХҚО алаңына «жасыл» қаржыландыру құралдарын енгізу және дамыту жоспарлануда. Осыған орай, «Астана ЭКСПО-2017-нің» жоғары технологиялық алаңы жасыл технологиялар саласындағы зерттеулер үшін нақты инфрақұрылым ұсынса, дәл сол уақытта АХҚО оның қаржылық бөлігін толықтырады. АХҚО жергілікті сараптама орталығына айналуы және үздік әлемдік сарапшыларды тарту үшін жайлы орта құра отырып, елдің адами капиталын арттыруға септігін тигізуі тиіс», - деді Қ.Келімбетов.

Оның атап өтуінше, АХҚО базасында біліктілікті арттыру, сертификаттау бағдарламаларын, сонымен қатар сәйкесінше салалардағы зерттеу бағдарламаларын қолдауға айрықша назар аударылатын болады.

Соңғы жаңалықтар