АХҚО базасында Торонто биржасы үлгісіндегі жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алаң құрылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы базасында Торонто биржасы үлгісіндегі жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алаң құрылады.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің 29-шы отырысында аталған орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов мәлім етті.

«Қазіргі уақытта АХҚО-ның биржалық және есептік-клирингтік инфрақұрылымын құру аясында стратегиялық серіктестер үшін ұсыныстар әзірлеу бойынша орталық пен халықаралық ірі компаниялар консультациялық қызметтер көрсету келісімшарты жасалды. Біз АХҚО базасында Торонто биржасы үлгісіндегі жер қойнауын пайдаланушыларға арналған алаң құруды жоспарлаудамыз. Онда әрбір компания өз жобасын дамытуға капитал тарта алады», - деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, капиталдың локальды нарығының өтімділігін арттыру мақсатында АХҚО биржасында «ұлттық чемпиондарға» ІРО өткізу және акцияларын жария орналастыру арқылы тартымды квазимемлекеттік компанияларды жекешелендіру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар