02:39, 27 Тамыз 2017 | GMT +5
Air Astana ұшағы ақауға байланысты Антальядан ұшып шыға алмады
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 тамыз күні «Боинг 757» әуе кемесіндегі техникалық ақауларға байланысты Анталья қаласының әуежайында «Анталья-Астана» рейсі кешіктірілуде. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Фейсбуктегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Авиатасымалдаушының ақпаратына сәйкес, 138 жолаушы Sera Hotel қонақүйіне орналастырылды. Алдына ала мәлімет бойынша, ұшып шығу уақыты 27 тамыз күні жергілікті уақыт бойынша сағат 13:00-ге белгіленген», - делінген хабарламада.