«Ақ бұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыратын бірыңғай техникалық саясат әзірленуде

Жүйелік тәсілдеме аясында «Ақ бұлақ-2020» бағдарламасының бірыңғай техникалық саясаты анықталып, еліміздің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жақсарту шаралары әзірленетін болады», - деді О.Титова.
Департамент директорының айтуынша, осы тәсілдеме шеңберінде іріктеу өлшемі мен инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың басымдығы анықталатын 55 қала бойынша негіздеме әзірленіп, ол бірыңғай техникалық саясатты анықтаудың негізі болады.
Ақпаратқа сай, жүйелік тәсілдеме үйлестірілген бірқатар шараларды жүзеге асыруды көздейді, оның ішінде 256 ауыл мен 27 қаладағы сумен жабдықтау мен су бұру желілері нысандарын тексеру көзделген.ҚТКША мәліметтеріне қарағанда, қазіргі күні 230 елді мекен тексерілген.
Сонымен қатар, ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті 5,1 млрд теңгеге іздеу-барлау жұмыстарын жүргізбекші. Өз кезегінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті де 16,1 млрд теңгеге топтық су құбырларын қайта жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізеді.
«Ақ бұлақ-2020» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша үстіміздегі жылы барлығы 116 млрд теңге бөлу қарастырылған. Қалалар бойынша құны 44,3 млрд теңге болатын 108 жоба, ауылдар бойынша құны 33 млрд теңге болатын 238 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда», - деп аяқтады сөзін О.Титова.