Ақ халатты жандардың дені зейнет жасына шыққаннан кейін де еңбек етуге ниетті - Қарағанды облысы

ҚАРАҒАНДЫ. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Ақ халатты жандардың дені зейнет жасына шыққаннан кейін де бірнеше жыл тер төгуге әзір. Бұл туралы Қарағанды облысының Абай аудандық орталық ауруханасының директоры Наталья Белан айтып отыр.
None
None

«Соңғы бес жылда зейнеткерлердің жұмыстан кеткілері келмейтіні байқалып отыр. Олар тағы қосымша 3-4 жыл еңбек етуді қалайды. Мұндай белсенділік, әсіресе кіші және орта медициналық қызметкерлер тарапынан бар», - дейді Н. Белан.

Оның айтуынша, бүгінде Абай аудандық ауруханасында зейнеткер 14 дәрігер мен орта буындағы медициналық қызметкер жұмыстарын жалғастыруда.

«Егер 40-45 жасқа келгендер зейнетке шығуға асықса, оған жеткендер қайта ойлана бастайды. Олар демалысқа ұмтылмай, тағы жұмыс істей аламын дейді», - деп атап өтті медициналық мекеменің жетекшісі.

Оның айтуынша, зейнет жүйесіндегі жаңғыртулар зейнет жинағын арттырумен қатар мамандардың әрі қарай өз мүмкіндіктерін іске асуларына жол жол ашпақ.

Соңғы жаңалықтар