«Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі гастрольдік сапармен ОҚО-ның ауылдарында болады

АСТАНА. 13 қазан. ҚазАқпарат - Ертең «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрі гастрольдік сапармен Оңтүстік Қазақстан облысында болады.
None
None

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Аталған оркестр «Отаным - бақыт мекенім» жобасы аясында 14-16 қазан аралықтарында Оңтүстік Қазақстан облысында өнер көрсететін болады. Оркестрдің бағдарламасына қазақ және шетел композиторларының шығармалары, халық әндері мен күйлер енді.

Оркестрдің көркемдік жетекшісі Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, дәулескер күйші, композитор Секен Тұрысбек

«Отаным - бақыт мекенім» жобасы мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, тұрғындарға Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы басты бағыттарды жеткізу, шағын қалаларда тұратын халықтың рухани сұраныстарын қамтамасыз ету, ұлттық және әлемдік өнер және әдебиет туындыларын насихаттау, тұрғындардың мәдени демалысын ұйымдастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Оркестр14 қазан күні (сағат 16.00)Ордабасы ауданы Темірлан ауылының Мәдениет үйінде,  15 қазан күні (17.00) Созақ ауданы Шолаққорған ауылының Мәдениет үйінде және 16 қазан күні (17.00) Кентау қаласының Мәдениет үйінде өнер көрсететін болады.

Соңғы жаңалықтар
Референдум