Академиялық балет театрының гастролі жоғары деңгейде өтті - Б.Аюханов, ҚР халық әртісі

ОРАЛ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстан халық әртісі Болат Аюхановтың балетінің мерейтойлық қойылымдарын Ақ Жайық жұртшылығы бірнеше күн бойы тамашалады.
None
None

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев осыған орай биыл 75-тің биігіне шығатын белгілі балетмейстерді қабылдап, құрмет көрсетті.

Кездесу барысында өңір басшысы мәртебелі мейманға облыстың әлеуметтік-эконоимикалық, соның ішінде мәдениет саласының дамуы жөнінде қысқаша әңгімеледі. ҚР Мемлекеттік академиялық би театрының негізін қалаушы, «Құрмет Белгісі» орденінің иегері, «Тарлан», «Алтын адам» сыйлықтарының лауреаты Б.Аюханов Ақ Жайық өңірі, соның ішінде Орал қаласы жыл өткен сайын көркейіп келе жатқанын жеткізді. Ол батысқазақстандықтар еліміздің мәдениетінің өркендеуіне үлкен үлес қосып келе жатыр деп есептейді. «Академиялық балет театрымыздың құрылған 45 жылы ішінде Оралға сегізінші рет келіп тұрмыз, - деді Болат Ғазезұлы. - Гастрольдеріміз жоғары деңгейде өтті. Жайықтағы жұртшылықтың, соның ішінде жастардың балет өнеріне деген ілтипатының ерекше екенін байқадық. Жалпы алғанда, біз жақсы әсермен қайтып бара жатырмыз».

Соңғы жаңалықтар