Акбар Мәжит: Қазақстанның табыстары - Н.Назарбаевтың сіңірген еңбегі

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы бейбіт гүлденуі ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген еңбегі. ҚазАқпарат тілшісімен сұхбатында белгілі жазушы, Қытай Халықтық саяси консультативтік кеңесінің мүшесі Акбар Мәжит осындай пікірін білдірді.
None
None

«Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен бері 20 жылдан астам уақыт өтті - бұл азаматтың қалыптасу жасы. Бұл бүкіл қазақстандық халықтың жетістіктері мен тарихы екені сөзсіз. Бірақ та мен, ең алдымен, бұл халықты тура жолмен бастап келе жатқан Мемлекет басшысының сіңірген еңбегі деп ойлаймын», - деді ол.

Н.Назарбаев бұрынғы Кеңес Одағының басқа елдері, соның ішінде Орталық Азия елдері тап болған қиыншылыққа жол берген жоқ, деп атап өтті жазушы.

«Бұл республикаларда қан төгілді, көптеген қоғамдық, экономикалық және басқа да келеңсіз жағдайлар болды. Құдайға шүкір, Қазақстан Елбасының даналығы арқасында, бейбіт жолмен дамып келеді. Біз оған мықты денсаулық, ал елге - игілік тілейміз», - деп түйіндеді ол.

Еске сала кетейік, Акбар Мәжит - ҚХР Жазушылар одағының мүшесі, Қытай мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚХР Жазушылар одағының «Қытай жазушылары» журналының бас редакторы. Қытай тілінде жазады, 28 кітаптың авторы, соның ішінде Абай шығармаларының аудармалары да бар.

Соңғы жаңалықтар