Ақбөкендерге заңсыз аңшылық жасаған бір топ браконьер ұсталды - Қызылорда облысы

АСТАНА. 6 қаңтар. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында ақбөкен атып алған браконьерлер құқық қорғаушылардың қолына түсті. Бұл туралы Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

Бес кісіден құралған браконьерлер тобы Жаңа жыл қарсаңында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданына қарасты «Қызыл шыңның тақыры» атты далалық жерде ұсталды.

Қызылорда облыстық ІІД табиғатты қорғау және ветеринарлық полиция бөлімінің қызметкерлері мен «Охотзоопром» өндірістік бірлестігінің инспекторлары олардың «Toyota Land Cruiser-80» үлгідегі джип автокөлігінен ақбөкеннің 3 басын тапты.  

Көлікті тексеру барысында тіркеуде тұрған 12-інші калибрлі аңшы мылтығы және пайдаланылмаған 55 дана патрон табылып, айғақ заттар ретінде алынды.

Факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар