Акцизделетін тауарлар ? ОҚО қаржы полициясының назарында

ШЫМКЕНТ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ – Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті акцизделетін өнімдерді өндіру және айналымы саласында заң бұзушылықты ашу бойынша белсенді жұмыстарды жүргізіп келеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жыл басынан бері 27 қылмыстық іс қозғалды, олардың барлығы да соттың қарауына жіберілді. 22 адам сотталды. 250 млн. теңгенің акцизделетін өнімдерінің заңсыз айналымы белгіленді.«Акцизделетін өнімдерді заңсыз өндіру және оның айналымы еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай қатер төндіреді, өйткені ол салық төлеуден жалтарумен байланысты», ? деді департамент баспасөз қызметінің хатшысы Жұпар Мамұтова.
Соңғы жаңалықтар
Референдум