13:38, 11 Шілде 2013 | GMT +5
Әкесі ұлын тракторымен басып кетті - Алматы облысы
ТАЛДЫҚОРГАН. 11 шілде. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары абайсызда әкесінің тракторы астында қалған 1 жастағы сәбидің өлімі бойынша тергеуалды тексеру жұмыстарын қолға алды.
Қайғылы оқиға Іле ауданында орын алған. Жапа шеккен ер бала Алматының аймақтық балалар ауруханасына жеткізілгенімен, сол күйі есін жимай жан тапсырды.
Балғынның алған жарақаттарына және ата-аналарының жауаптарына қарағанда, бүлдіршін трактордың астында қалған.Үйінің ауласында артқа қарай жүрген кезінде 33 жастағы ер адам трактордың жанында ойнап жүрген ұлын байқамай қалған.
Тәртіп сақшылары келеңсіз жағдайды әзірге жазатайым оқиға ретінде қарастыруда.