Әкім: Қостанай облысының басты проблемасы коммуналдық түйіткілдерді тудыратын - газ бағасының жоғары болуы

ҚОСТАНАЙ. 13 қазан. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің  орынбасары Қырымбек Көшербаев Қостанай облысына жасаған жұмыс сапары барысында өнеркәсіптік, коммуналдық сала кәсіпорындарында және әлеуметтік маңызы бар кейбір нысандарда болды.  
None
None

Вице-премьердің жұмыс сапары Арқалықтан басталды. Ол онда Арқалық-Шұбаркөл теміржол желісінің құрылыс барысымен танысып, «Қазақстан алюминийі» Торғай боксит руда басқармасының карьерін және Арқалық жылу энергетикалық компаниясын аралап көрді.  

Қ. Көшербаев көзімен көргенге берген бағасы келесідей болды: «Арқалық-Шұбаркөл темір жолы 2015 жылға дейін салынып бітеді. Ол көліктік логистика тұрғысынан алып қарағанда бұған дейін тұйыққа тірелген қала болып саналған Арқалық үшін өте маңызды. Ендігіде қала барлық бағыттар бойынша қатынас жасай алады. Арқалық сәттілік  рельстерін тартуда».

Қостанайда Қ. Көшербаев коммуналдық кәсіпорындардың жағдайына ерекше көңіл бөлді. Бірінші кезекте - салынып жатқан батыс қосалқы стансысына. Жобаның жалпы құны - 1 млрд. теңгеден асады. Жүйелердің жалпы ұзындығы - 9,05 шықырым, соның ішінде 7,25 шақырымының қуаты - 110 кВт, 1,8 шақырымының қуаты 35 кВт-ты құрайды.

Сол күні Қ. Көшербаев «Сары-Арқа Автопром» ЖШС-де болып қайтты, одан кейін оның назарына жаңадан салынған тұрғын үй құрылысы комбинатын іске қосу жоспары ұсынылды.

Сапар нәтижесі бойынша үлкен кеңес өткізіліп, оның барысында Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов өңірдің дамуы туралы есеп берді. Өңір басшысы атап өткендей, облыстың басты проблемасы ретінде коммуналдық мәселелерді тудыратын - газ бағасының (елдегі орташа бағамен салыстырғанда 1,5 есе қымбат) қымбаттығы саналады. Н. Сәдуақасовтың мәліметтерінше, облыста қызметтері шығынды болып табылатын 26 мемлекеттік кәсіпорын бар. Олардың табыссыз жұмыс істеуі үлкен шығындарға әкеліп соқты, бүгінгі күні ол 635 млн. теңгені құрайды.

Соңғы жаңалықтар