Әкімдер қазақстандықтардың өмір сапасын арттыру міндетіне баса назар аударуы тиіс - Н.Назарбаев

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бурабайда солтүстік аймақтар әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесте Мемлекет басшысы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсарту қажеттігіне баса назар аударды.
None
None

Кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы А.Мусин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары С.Ахметов, Ауыл шаруашылығы министрі А.Мамытбеков, Ақмола облысының әкімі Қ.Қожамжаров, Қостанай облысының әкімі Н.Сәдуақасов, Павлодар облысының әкімі Е.Арын және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі С.Біләлов қатысты, деп хабарлады ҚР Президентінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамтуды шешу мәселесіне ерекше назар аударды.

- Туризм саласындағы бизнесті дамыту үшін мол резервтер бар. Туризм - орасан табыс көзі және кез келген ел экономикасының бөлігі. Мысалы, Ақмола облысында 2015 жылға қарай туристер саны 1,5 миллион адамға дейін арта түсетін болады. Ал Солтүстік Қазақстан облысында - 2 есеге, Павлодар облысында - 1,6 есеге, Қостанай облысында - үштен біріне артады. Алайда, туристердің басым көпшілігі тек Бурабайға келеді. Бұл жергілікті экожүйені құрауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты Зеренді, Айыртау, Баянауылда және солтүстік облыстағы өзге аудандарда туристік әлеуетті дамыту қажет. Мысалы, тек Зеренді ауданына 200 мыңға дейін турист жіберуге болады, алайда Щучинск-Зеренді жолының жағдайы қағанағаттанғысыз күйде, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Нұрсұлтан Назарбаев өңірлердің инвестициялық тартымдылығын арттырудың маңыздылығына назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев әкімдердің назарын қазақстандықтардың өмір сүруін жақсарту, кедейлік қатарын азайту және әлеуметтік маргиналдыққа жол бермеу қажеттігіне аударды.

- Солтүстік облыстарда ірі астық компаниялармен жұмысты жолға қою керек, өйткені оларда жұмыскерлер жылдың тек 5-6 айында ғана еңбек етеді. Нәтижесінде Солтүстік Қазақстан облысында орташа еңбекақы өңірлердегі ең төменгі деңгейде - 56 мың теңге. Бұл мәселе жан-жақты талдау жасауды және шара қабылдауды қажет етеді. Облыста ауыл шаруашылық өнімдеріне еңбекақы төлеу үлесі 2011 жылы 30 пайыз рентабельдіктің бар болғаны 5 пайызын құрады. «Жұмыспен қамту-2020», «Дипломмен ауылға» бағдарламалары бойынша ауылға мамандар тарту үшін елеулі қаражат бөлінуде. Жеке меншік компаниялар ауылға мамандар жетіспейтіні туралы айтады, ал өздері тиісті еңбекақы төлемейді. Бұл мәселемен тек мемлекет айналысуда. Бұл жұмысқа бизнестің де араласуы қажет, - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Соңғы жаңалықтар