Әкімдер Кеден одағының мүмкіндіктерін жеткілікті деңгейде пайдаланбай отыр - ҚР Президенті

АСТАНА. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бурабайда солтүстік өңірлерді дамыту мәселесі жөнінде кеңес өткізді.
None
None

8 тамызда өткен кеңеске Президент Әкімшілігінің басшысы Аслан Мусин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметов, Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Ақмола облысының әкімі Қайрат Қожамжаров, Қостанай облысының әкімі Нұралы Сәдуақасов, Павлодар облысының әкімі Ерлан Арын және Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов қатысты.

Сондай-ақ Президент шекараға шектес аймақтағы ынтымақтастыққа және ықпалдастық одақтың әлеуетін пайдалануға ерекше назар аударды.

- Әкімдер Кеден одағының мүмкіндіктерін жеткілікті деңгейде пайдаланбауда. Отандық бизнесті сыртқы нарыққа бағыттау қажет, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Кеңестің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы берілген тапсырмаларды қатаң бақылау алуды және оларды іске асыруды қадағалап отыруды тапсырды.       

 

Соңғы жаңалықтар