20:02, 28 Желтоқсан 2011 | GMT +5
Әкімдер температуралық графиктің технологиялық ережелерін қатаң ұстанулары қажет - Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі
АСТАНА. 28 желтоқсан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жылу беру мерзімінде 8 қаланың жағдайынан қауіптеніп отыр. Бұл туралы бүгін Үкіметте өткен селекторлық мәжілісте Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсалиев мәлім етті.
Оның айтуынша, елде даладағы температура төмендеген кезде оған тиісті деңгейде назар аударылмайды. Нәтижесінде температуралық график талапқа сай орындалмайды. «Сондықтан әкімдерге температуралық графиктің технологиялық ережелерін қатаң ұстану қажеттігін екертемін. Сонымен қатар Қазақстандық тұтынушылардың жағдайы Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты ұлттық бағыттағы электрстансаларының жағдайына байланысты екендігіне назар аударғым келеді. Сондықтан құрылтайшылар мен жетекшілері олардың тұрақты жұмыс істеуіне баса назар аударулары керек», - деді Б.Жақсалиев.