15:19, 26 Мамыр 2016 | GMT +5
Ақкөл қаласында «Офицерлер қалашығы» жаңа тұрғын үй кешені салынуда - Ақмола облысы
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақкөл қаласында «Офицерлер қалашығы» жаңа тұрғын үй кешені салынуда.

Бұл туралы аймақтық ТЖД басшысы Алексей Советов мәлім етті.
Оның айтуынша, ҚР Қорғаныс министрлігінің тапсырысы бойынша салынып жатқан кешенде қазіргі таңда 5 қабатты төрт үйдің қабырғалары тұрғызылып, шатыры жабылуда.
«Бұл үйлердің екеуі қатардағы сарбаздар мен сержанттарға арналған 120 орындық жатақхана да, қалған екеуі офицерлерге арналған 60 және 70 пәтерлі тұрғын үй. Құрылыс жұмыстарын 2017 аяқтау жоспарланған. Оны мердігер компания «Астана Строй Инвест» ЖШС қолға алып отыр.
Сонымен қатар балалар алаңы, 108 көлікке арналған гараж және қазандық салу көзделген», - деді А.Советов.