07:56, 04 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Аққу ауылында музыкант әрі композитор Марат Садықовты еске алуға арналған кеш өтті - Павлодар облысы
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. 4 жетоқсан. ҚазАқпарат - Музыкант және композитор Марат Садықовты еске алуға арналған кеш өтті, деп хабарланды Лебяжі ауданының әкімдігінен.

Марат Садықовтың достары, әріптестері мен ақындар композитордың жастық шағын, шығармашылығы гүлдеген тұс - 70-ші жылдарды еске алды.
Кеште М. Садықовтың «Туған жер», «Лебяжі вальсі», «Анаға» атты танымал әндері орындалды.