«Аққұм-Жер» ЖШС егіннен жақсы өнім жинап, жылды жемісті қорытындылағалы отыр - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - Қызылорда облысындағы Аққұм елді мекеніндегі іргелі шаруашылық «Аққұм-Жер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жылма-жыл егіс алқабына дән сеуіп, берекелі өнім алып келе жатқан ұжым.
None
None

- Биылғы жылы күріштің шығымдылығы жылдағыға қарағанда тәуір. Оның жоғары өнім беруіне қажетті барлық тыңайтқыштарды пайдаландық. Ендігі кезекте Жер-ананың берген сыйын төкпей-шашпай жинап алуға жұмыс жасаймыз, - дейді шаруашылық төрағасы А.Алдоңғаров.

Үстіміздегі жылы аталмыш шаруашылық өз иелігіндегі жердің 1200 гектарына күріш дәнін сепкен. Оның ішінде күріштің «Маржан», «Кубань» сұрыбына басымдық берілген. Бұған қоса шаруашылықта 717 гектар ескі жоңышқалық пен 455 гектар жаңа жоңышқа алабы бар.

Соңғы жаңалықтар