Ақмола, Қарағанды облыстарында бұршақ жаууы ықтимал - 1 тамызға арналған ауа райы болжамы

республиканың батысында ғана күн райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман болады.
Ақмола, Қарағанды облыстарында жекелеген жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейңни жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы облысында күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, құмды дауыл болып, күндіз күн қатты ысиды.
Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіп сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.