Ақмола облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы жыл басынан бері 114 мың құжат қабылдады

КӨКШЕТАУ. Мамырдың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық халыққа қызмет көрсету орталығы ағымдағы жыл басынан бері 114 мың құжат қабылдап,
None
None
тапсырыс берушілердің талап-тілектерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тішісі.Орталық директоры Шоқан Әбділмәновтың айтуынша, осы уақыт аралығында қызмет көрсетудің 27 түрі игерілген. Жыл ішінде тұрғындарды құжаттандыру және тіркеу бойынша 60 мыңға тарта тапсырыс орындалса, азаматтық хал актілерін тіркеудің 3 мыңнан астам, заңды тұлғаларды тіркеудің 2 мың 500, жылжымайтын мүліктерді тіркеу және онымен сауда-саттық жасаудың 46 мың, ал жергілікті атқару органдарының 900 құжатын қабылдаған. Соңғы уақытта азаматтардың тұрғын үй кезегіне тұру, мүгедектігіне қатысты құжаттарын дайындау, зейнеткерлік құжаттарын тиянақтау, құжаттарды нотариалды толтыру, банктерден несие алуға байланысты ақпараттандыру оң шешімін тапқан.
Соңғы жаңалықтар