08:45, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Ақмола облыстық ішкі істер департаменті бастығының жаңа орынбасары тағайындалды
КӨКШЕТАУ. Наурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен Болат Баймурзин Ақмола облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
1981 жылы әскери борышын өтеп келіп, ішкі істер саласында еңбек жолын бастаған Болат Рамазанұлы Ішкі істер министрлігі Қарағанды жоғары милиция мектебінде білімін жалғастырған. Арнайы білім алып шыққаннан кейін Еңбекшілдер, Щучье аудандық ішкі істер бөлімдерінде тергеуші, аға тергеуші, бастықтың орынбасары қызметтерін атқарып, 1997-2005 жылдар аралығында Зеренді, 2005 жылдан Бурабай аудандық ішкі істер бөлімдерінің бастығы лауазымында болды.