Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа басшы тағайындалды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облысының әкімі Сергей Дьяченконың өкімімен Гүлжанар Шүкеева облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы қызметіне тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1990 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының химия және биология факультетін тамамдап, 2008 жылы Қазақ-Ресей университетінде саясаттанушы мамандығын меңгерген. Еңбек жолын Алматы облысы Райымбек ауданындағы Абай атындағы орта мектепте ұстаздық етуден бастап, 2004 жылдан Алматы қаласында, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінде мемлекеттік қызметтерде болған. Соңғы жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығында кеңесші қызметін атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар