Ақмола облыстық сотында сот актілерін толтыру әдістемесін зерделеу қарастырылды

КӨКШЕТАУ. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Ақмола облыстық соты азаматтық және қылмыстық істерді қарау мен сот актілерін толтыру әдістемесін зерделеу бойынша тәжірибе алмасу семинарын өткізді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық сот баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық сот судьяларының қатысуымен ағымдағы жылдың тоғыз айында аппеляциялық және қадағалау сатысындағы істерді қараудағы сот тәжірибесі тақырыбын талқылау мақсатында өткізілген семинарға аймақтардағы судьялар, сот жүйесі қызметкерлері, облыстық сот өкілдері қатысты. Іс-шара барысында істі зерделеу әдістемесі, процессуалдық және басқа да құжаттарды дайындаудың тәртіптері, сот актілерінің сапалы жасалуы, меншік құқын қорғау мен оның мәселелері турасында әңгіме өрбіді. Өз кезегінде облыстық сот судьялары Мараш Мананбаева, Гүлжан Әлмағанбетова, облыстық сот қылмыстық істер алқасының судьясы Темірхан Балтаев ой-тұжырымдарымен бөлісіп, тәжірибе алмасты. Пікір сайыс аясында орын алған олқылықтардың сыры анықталып, оны болдырмау тұстары атап көрсетілді. Сонымен қатар заңды дұрыс пайдаланбау, тәжірибенің аздығы, бірізді сот тәжірибесін қолданбау сияқты мәселелер ортаға салынды.

Соңғы жаңалықтар