Ақмола облысы аумағында «Автобус-2010» республикалық іс-шарасы қолға алынды

КӨКШЕТАУ. Қазанның 4-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық ішкі істер департаменті облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінің мәлімітінше, өңірде «Автобус-2010» республикалық ауқымды іс-шарасы қолға алынды.
None
None

Баспасөз қызметінен хабарланғандай, іс-шара аясында қалааралық, ауыларалық автобус қатынастары, Көкшетау, Степногорск, Шучье қалааралығында жолаушылар тасымалдау ісі жіті бақылауға алынатын болады. Соған сәйкес, жолаушылар тасымалымен шұғылданатын кәсіпорындар, жекелей кәсіпкерлер көліктерінің техникалық қауіпсіздігі, жол қозғалыс ережесінің мұқият сақталуы, көліктердің жылдамдықты шамадан тыс арттырмауы басты назарға алынбақ. Бұл іске жол тәртіп сақшыларымен бірге халық жасақшылары, жас автоинспекторлар, қоғамдық бірлестіктер мен баспасөз өкілдері қатыстырылып, көпшілік арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілмек. Сонымен бірге жоғары және арнаулы оқу орындарында, білім ошақтарында автобуста жүру ережесіне қатысты кездесулер болады.

Соңғы жаңалықтар