Ақмола облысы бюджетіне жыл ішінде шағын және орта бизнестен 4,8 миллиард теңге түсті

КӨКШЕТАУ. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -Ақмола облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының деректеріне сәйкес жыл ішінде шағын және орта бизнестен бюджетке 4,8 миллиард теңге құйылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде аймақта 34,3 мың кәсіпкерлік нысан тіркеліп, оларда 92 мың адам жұмыспен қамтамасыз етілген. Өсім өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 6 және 8 пайызды құрайды. Осы уақыт аралығында 100,1 миллиард теңгенің өнімі өндіріліп, қызмет көрсетілген. Бүгінде өңірдегі белсенді шағын және орта бизнес нысандарының 27,2 пайызы сауда, көлік жөндеу, тұрмыстық жабдықтарға техникалық қызмет көрсетумен, 20,3 пайызы құрылыспен, 17,6 пайызы ауылшаруашылығымен, 14 пайызы жылжымайтын мүліктерді жалға берумен айналысады. Саланың өрге басуы Көкшетау мен Степногор  қалаларында, Бурабай ауданында ең жоғары көрсеткішке ие.

Соңғы жаңалықтар