Ақмола облысы прокурорының жаңа орынбасары тағайындалды

КӨКШЕТАУ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров / - ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Серік Хайруллин Ақмола облысы прокурорының орынбасары қызметіне тағайындалды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс прокурорының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі Серік Құбашұлы еңбек жолын 1979 жылы Торғай облысына қарасты Қима ауданында тәжірибеден өтуші қызметінен бастап, тергеуші, аға тергеуші, қала прокурорының орынбасары, облыс прокурорының аға көмекшісі, Жамбыл облысында аудан прокуроры міндеттерін атқарған. Кейінгі жылдары ҚР Бас прокурорының арнаулы прокурорлар басқармасының тергеу топтарына басшылық жасау жөніндегі аға көмекшісі, Павлодар, Қызылорда, Алматы облыстары прокурорларының бірінші орынбасары қызметтерінде болды.

«Құрметті прокуратура қызметкері» атағы бар.

Соңғы жаңалықтар