Ақмола облысы шетелдік ірі инвесторларды халықаралық форумға шақырмақ

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин шетелдік ірі инвесторларды халықаралық форумға шақырмақ. Бұл туралы ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің Ақмола облыстық филиалында өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Инвестициялардың жаңа көздерін табу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыста Инвесторларды тарту жөніндегі кеңес құрылып, шаралар жоспары әзірленді. Оның аясында биыл халықаралық инвестициялық форум ұйымдастырылып, шетелдік ірі инвесторлар, дипломатиялық миссиялар мен елшіліктердің басшылары шақырылады»,-деді С. Кулагин.

Сонымен қатар облыста индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында 461 млрд. теңгенің 30 жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Әкімнің сөзінше, биыл барлық өнеркәсіптік кәсіпорындар тұрақты жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар
telegram