Ақмола облысында 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнiң Ақмола облыстық филиалында өтіп жатқан брифингте өңір басшысы Сергей Кулагин мәлім етті.

Аймақ басшысының айтуынша, аграрлық сектор - аймақтық ішкі өнімнің жалпы көлемінің төрттен бірін өндіретін облыс экономикасының негізгі саласының бірі. Сонымен қатар өңірде мал шаруашылығы да жақсы дамып отыр.

«Облыста жалпы қуаты 27,6 мың ірі қара мал болатын мамандандырылған 31 бордақылау алаңдары жұмыс істейді. Олардың қазіргі кездегі қуаты 65 пайызды құрайды. Биылғы жылы Ерейментау ауданындағы «Жаңа Береке» ЖШС 3 мың бас ірі қараға арналған бордақылау алаңы ашылады. Оған қоса Зеренді ауданындағы «Щучье сүт зауыт» ЖШС қуатын 3 мың бас дейін ұлғайту көзделген. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ет өндірісі 12,1 пайызға артты.

«Ырыс» бағдарламасының шеңберінде жалпы саны 1200 бас сауын сиыры бар 14 сүт-тауарлы фермасы құрылды. Осындай қолға алынған шаралардың нәтижесінде сүт өндірісі 28 пайызға өсті.

Ал, көктемгі дала жұмыстарына дайындыққа келетін болсақ, өткен жылғы ауа райының қолайсыздығына қарамастан облыс тұтастай алғанда тиісті агротехникалық шараларды өз деңгейінде өткізу арқылы егіннің орташа шығымдылығы гектарынан 11,6 центнерден айналып, 4,7 миллион тонна астық жинап алды. Қажетті жем шөп қоры да жасалды.

Осыған орай, облыстан тыс жерге 1,8 миллион тонна астық экспортқа шығарылды. Биылғы жылы ақмолалық диқандар 4,7 миллион гектар жерге дән сіңіруді көздеп отыр. Оған қажетті 520 мың тонна тұқым қоры жасалынды. Сондай-ақ, 3,3 миллион гектар алқапқа немесе егістіктің жалпы көлемінің 75,3 пайызына ылғал ресурстарын үнемдеу технологиясы енгізілді. Машина-трактор паркін жоғары өнімді техникамен жаңарту қарқынды жүргізілуде», - деді С.Кулагин.

Соңғы жаңалықтар
telegram